ReeGa «Мен Алланың фанатымын...»
KZRAP.KZ

Қош келдіңіз!

Последние темы
» ҚОтақбастар аллеясы-...
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyПн Дек 16, 2013 11:48 am автор Almaz AKYN

» Қазақ рэпінің кемшіліктері
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyПн Дек 16, 2013 11:39 am автор Almaz AKYN

» AwKaZaKPro SEMEIGE kawan keledi????????????????
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyЧт Янв 26, 2012 9:41 pm автор R1

» Maximum «Ең Батыл баттл-рэпер...»
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyВс Янв 15, 2012 11:27 pm автор farakhat

» ReeGa [G-Force]
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyВс Янв 15, 2012 11:23 pm автор farakhat

» MAXIMUM
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyВс Янв 15, 2012 11:21 pm автор farakhat

» 5Life - Махаббаттан жалықтым (feat. Jay Solo)
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyВс Янв 01, 2012 6:37 am автор AnD1

» РИГА айдахар флоу альбомы кашан шыгад?
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyСб Дек 31, 2011 2:42 am автор KazaH-_-HerO)))))

» Maks [T-Life]
ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» EmptyСр Дек 21, 2011 7:42 pm автор T-Life **Maks**

Партнеры
Лейбл

Поиск
 
 

Результаты :
 


Rechercher Расширенный поиск


Вы не подключены. Войдите или зарегистрируйтесь

ReeGa «Мен Алланың фанатымын...»

Перейти вниз  Сообщение [Страница 1 из 1]

Admin


Admin

ReeGa «Мен Алланың фанатымын...» 18983910

ReeGa – бұл Қазақстан рэпіндегі нағыз феномен. Нағыз төрт басты Айдаһар. «Неге Айдаһар?» деп ойласаңыз жауап берейін. ReeGa төрт тілде рэп орындайды, яғни қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде. Баршаңыз оның куплеттерінде «бұл Айдаһар флоу» деген сөздерді естіген боларсыздар...

Қанжығасында:
G-Force «Рэп-Қырылыс» [2009]
ReeGa «Мои люди, What’s Up!» [2009]
ReeGa & Maximum «Вне ротации» [2010]
ReeGa «Падщий Ангел» [2010]
G-Force «Қаруыңды таста!» [2010]



Сонымен қатар, ReeGa – бұл жан-жақтылық... бір жағынан өзінің «качевый» әндерімен жігіттерді тербетіп жатса, екінші жағынан өзінің тәтті әрі көңілсіз махаббат жайлы әндерімен қыздарды жылатып жатады. Ал нағыз ReeGa деген кім? Шын өмірде қандай адам? Осы жайлы осы сұхбат арқылы біліп көрелік...



Сәлем ReeGa! Қалың қалай?

Сәлем бро! Бәрі жақсы!

Неге «ReeGa?» Латвияға барғың келе ме?

Мені кішкентайымнан достарым солай атайды. Неге екенін шынымды айтсам есімде жоқ. Иә, Латвияға барғым келеді. Жалпы мен саяхаттағанды ұнатамын.

Рэппен не себептен айналыса бастадың? Және қашаннан бері?

Сегіз жасымда Эминемнің клипін көріп қалдымда рэпке ғашық болып қалдым. Эминем сияқты жұлдыз болуды армандадым. Осылай рэпер болып кеттік қой! Сөйтіп сегіз жасымнан он екі жасыма дейін тыңдарман болып жүрдім. Ал он екіге келгенде рэп жасай бастадым.

Сен өзіңнің рэпіңді қай стильге жатқызасың?

Менің негізі бір тұрақты стилім жоқ. Жалпы өзім эксперимент жасағанды ұнатамын, әрқашанда шығармашылығыма жаңалық қосуға тырысамын.

Сен «ASH ҚаZаҚ Pro» лейбліне қалай қосылдың? Maximum сияқты миллион бердің бе? =)

ІІІ Ресми Хип-Хоп баттлында көзге көрініп Шыңғыстан шақырту алып қосылдым. Мен Maximum сияқты миллионер емеспін! =)

Енді тарихқа көз жүгіртейік... шыныңды айтшы, «ASH ҚаZаҚ Pro» лейбліне қосылмай тұрғанда бұл лейбл жайлы ойың қандай еді?

Ешқандай жаман ойым болған жоқ. Менде «А.К.Pro» лейблінің мыңғырған тыңдармандарының бірі едім.

Сені Шыңғыстың өзі жеке шақырту жіберіп лейблге шақырғанда сенде қандай сезім болды?

Басында сенбедім. Сармахам алғашқыда телефон шалғанда оның Сармахам екеніне сенбедім. Достарымның бірі әзілдеп жатыр деп ойладым, сөйтіп телефонды қойып тастадым. Кейін Сармахам қайта звондап: «э, это реально с Аш Қазақ!» деп ұрысқан соң сендім! =)

Maximum сенің туысқаның деген сыбыстар бар. Осы рас па?

Қанымыз бір болмасада туыстай болып кетті.

Енді «G-Force» жобасы жайлы сөйлесейік. Сендер бірінші «Рэп-қырылыс» альбомымен шулаттыңдар, сосын жеке альбомдармен шулаттыңдар, сосын Maximum-мен қосылып шулаттыңдар, сосын тағы ресми «Қаруыңды таста» альбомымен елді шулаттыңдар! Елді шулатудан шаршамадыңдар ма? =)

Әрине жоқ! Әлі де талай шулатамыз! Қазір мен ресми қазақша альбом жазып жатырмын. Міне осы альбом нағыз бомба болады. Сөз беремін!

Қазақша ресми альбомың жайлы толығырақ айта кетсең... ол қандай болады? Қандай стильде?

Бұл альбом 90%-ға дайын десем болады. Бұл альбомда меланхолик ReeGa-ны таппайсыздар, бұл альбом өте позитивті болады. Осы альбомды жазу барысында мен неше түрлі эксперименттер жасап жатырмын. Осы альбомыммен жұмыс істегендей мен басқа альбомадрыммен жұмыс істемегем... бұл альбомыма мен бар жүрегімді, жанымды салып жатырмын...

Қазақша альбомыңның атауы қандай болмақ?

Бұл құпия... уақыты келгенде біз ресми түрде жариялаймыз.

Жарайды... айтшы, саған өзіңнің қай альбомың ұнайды және ұнамайды?

Барлығы ұнайды... бірақ көңілім толмайды...

Сен жайлы өсектер өте көп. 2010 жылдың қараша айында сені біреулер атып кетті деп өсек қызып жатқанда, Smitty-дің сайтында сені ауруханада жатыр деген хабар шықты. Осы туралы не айтасың?

Ха!Ха! Ха! Ауруханада жатқаным рас, операция жасағаны рас... бірақ ешкім мені атқан жоқ. Жәй көлік авариясына түсім жарақаттанып қалдым. Қазір бәрі жақсы, шүкір...

«G-Force» тобының және ШYNGYS-тың бейнеклиптерін республикалық «КТК», «НТК» телеарналарынан көріп жүрміз. Шыныңды айтшы, ротацияға қанша бердіңдер?

Бір тиын да берген жоқпыз... біздің өнерімізді ағаларымыз байқап өздері шақырды.

Сендерді халық арасында рэппен жақсы ақша жасайды дейді. Айына орташа есеппен қанша ақша табасың? Рэппен жақсы ақша жасау мүмкін бе?

Ақша жасайтынымыз рас, бірақ біз рэпті ақша үшін жасамаймыз.

Сенімен бірлесіп трек жасау үшін қанша сұрайсың?

Бір куплетім – 15 000 теңге.

Сонда ақша бергеннің бәрімен фит жасай бересің бе? Шеберлігіне, флоуына қарамайсың ба?

Әрине қараймын, менімен фит жасайтын адамнан мен бірінші демо сұраймын. Шеберлігін саралаймын...

Сен махаббат жайлы әндерің өте керемет, дауысыңда сондай жағымды. Шыныңды айтшы, сол махаббат жайлы әндеріңді кімге арнап жазасың? Сүйген біреуің бар ма?

Рахмет бро... Сүйіктім бар... барлық махаббат жайлы әнлерімді тек соған арнаймын!

Ал «Падший Ангел» альбомындағы «Поймешь сама» әнін кімге арнадың? Құпия болмаса... Қатты сөздер айтқансың... Сені қатты ренжіткен-ау...

Бұл бұрынғы оқиға... бұл жайлы сөйлескім келмейді...

Жарайды.... Сенің «Life Record» атты ешкімге белгісіз бір баттлға қатысып жатқаныңды білеміз. Сенің дәрежеңдегі адамға мұндай баттлға қатысқан дұрыс деп ойлайсың ба? Беделіңе нұқсан тиіп кетеді деп қорықпайсың ба?

Жоқ, қорықпаймын... Қанша жұлдыз болсамда мен әрқашанда қарапайым болып қаламын... бұл баттлға қатысқан себебім, жәй баттлға қатысуды сағынып қалдым. Тағы уақыт өткізу үшін. Діттеген мақсатым жеңу емес... Жас кезімде баттлдарға көп қатысатынмын... ностальгия ғой! =)

«ASH ҚaZaҚ Pro» лейбліндегі қай орындаушымен жақсы, тығыз араласасың?

Бәрімен...

Басқа Қазақстандық МСлерден кімдермен араласасың?

Бико а.к.а Домалақ, ESKO, Bro Metis [ADAMANTЫ].

Кімнің фанатысың?

Алланың...

«ASH ҚaZaҚ Pro» лейблінде «ШиZa» деген жоба бар. Ол өзінің «Атаңның Басы» релизімен елді дүрліктірді. Сен пікірің? ШиZанікі дұрыс па?

Біз демократиялық зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сондықтан бір-біріміздің ойымызды, пікірімізді сыйлауымыз қажет. Ол пікірмен келіспеуіміз мүмкін, бірақ сыйлау керек.

Қалай ойлайсың, Қазақстанның қай қаласында сені көбірек таниды?

Білмеймін, бірақ барлық қалаларды таниды деп үміттенемін.
Рахмет ReeGa Homie! =) Енді біздің порталдың оқырмандарына тілектеріңді айта кетсең...

Сағанда рахмет бро! Сапалы рэп тыңдаңдар, ауырмаңдар, бақытты болыңдар... сол үшін алып қояйық! =) Бәріңе құрмет!



Автор: Galaxyboy

https://kzrap.forum2x2.com

Вернуться к началу  Сообщение [Страница 1 из 1]

Похожие темы

-

» ReeGa [G-Force]

Права доступа к этому форуму:
Вы не можете отвечать на сообщения

 

Бесплатные форумы | ©phpBB | Бесплатный форум поддержки | Сообщить о нарушении | Последние обсуждения